• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Трамп НАТО елдерін әуе кеңістігін бұзған ресейлік ұшақтарды атып түсіруге шақырды

Трамп НАТО елдерін әуе кеңістігін бұзған ресейлік ұшақтарды атып түсіруге шақырды

24 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: Alexander Drago/REUTERS

АСТАНА. 24 қыркүйек. BM.KZ – АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында сөйлеген сөзінде НАТО елдері өздерінің әуе кеңістігін бұзған ресейлік әскери ұшақтарды атып түсіруге құқылы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлайды.

«Ресейлік ұшақтар НАТО әуе кеңістігін бұзса, оларды атып түсіру керек пе?» — деген журналистің сауалына Трамп: «Иә, мен келісемін», — деп жауап берді. Алайда АҚШ президенті мұндай жағдайда Вашингтон одақтастарына көмек көрсете ме деген сұраққа нақты жауап бермей, «Бұл жағдайға байланысты» деп қысқа қайырды.

Трамп бұл пікірін 23 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен бірлесе өткен брифинг барысында айтты.

БАҚ алдында сөйлеген сөзінде Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы толыққанды соғыстың жуық арада аяқтала қоймайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Ресей экономикасы күннен күнге күйреп жатыр және Украина өз аумағын батыл қорғап келеді.

«Қазіргі ең үлкен ілгерілеу – Ресей экономикасының өте нашар халде екені. Ол күйреу үстінде. Ал Украина болса, бұл алып армияны тоқтату жолында өте жақсы жұмыс атқарып жатыр», — деді АҚШ президенті.

Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский соңғы бір ай ішінде украин әскерінің 360 шаршы шақырым жерді босатқанын, сондай-ақ мыңдаған ресейлік әскерді қоршауға алғанын айтты. Киев бұл сарбаздарды болашақта украиналық тұтқындарға айырбастауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Зеленский Еуропа елдерінің ресейлік мұнай мен газды сатып алуды тоқтатуы туралы Трамптың ұсынысын толық қолдайтынын айтты:

«Ресейдің энергия көздерінен бас тарту – соғысқа қарсы қысымды күшейтудің нақты жолы. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз, Президент мырза», — деді Зеленский.

23 қыркүйекте Брюссельде өткен Солтүстік Атлантикалық кеңестің (НАТО) отырысында альянс мүше мемлекеттерінің әуе кеңістігін бұзған Ресей ұшақтары мен дрондарына қатысты ортақ мәлімдеме жасалды.

«НАТО барлық қажетті әскери және бейбіт құралдарды пайдалана отырып, халықаралық құқық аясында өз қауіпсіздігін қорғауға және кез келген бағыттағы қауіп-қатердің алдын алуға дайын», — делінген мәлімдемеде.

Аталған отырыс Эстонияның бастамасымен шақырылған. Бұған себеп — 19 қыркүйекте үш ресейлік жойғыш ұшақтың Эстония әуе кеңістігін бұзуы. Бұл соңғы екі аптада Ресейдің әрекетіне байланысты өткізілген екінші отырыс.

Бұған дейін де Польша 19 ресейлік дронның өз аумағына енуіне байланысты кеңес шақырған болатын. Осыдан кейін НАТО «Шығыс Қорғаушысы» (Eastern Guardian) атты жаңа қорғаныс миссиясын іске қосты.

БҰҰ Дональд Трамп Еуропа НАТО Ресей ұшақ

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.