Астана. 24 қыркүйек. BM.KZ – Жетісу облысында әскери оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаз қаза болды. Оқиға десанттық-шабуылдаушы әскерлер бөлімшесінде жоспарлы жауынгерлік дайындық кезінде орын алғанын хабарлайды Kazinform.
Қару-жарақпен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылғандықтан, әскери қызметкер ауыр жарақат алып, сол жерде қаза тапты. Қаза болған сарбаздың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіндігі айтылды.
Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын және егер қызметтік немқұрайдылық немесе әрекетсіздік анықталса, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Бұл жағдай Қорғаныс министрінің жеке бақылауында тұр. Бұған дейін Астанадағы әуе базасында әскери қызметкер жарақат алғаны туралы хабарланған болатын, мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалған.
