• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Рубио Лавровты Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Рубио Лавровты Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды

25 сентября, 2025 Әлем
Фото: Nathan Howard/AFP/Getty Images

Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен кездесуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа АҚШ президенті Дональд Трамптың Кремльге жолдаған үндеуін қайталап, Украинадағы соғысты тоқтату үшін «елеулі қадамдар» жасауға шақырды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметі басшысының орынбасары Томми Пиготтың жазбаша мәлімдемесінде атап өтілгендей, Рубио Лавровпен Нью-Йоркте өткен 50 минуттық жабық кездесуде Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тоқтатудың маңыздылығын жеткізген.

Кездесуден кейін Сергей Лавров журналистерге сұхбат бермей, тек бас бармағын көтеріп жауап қатты.

Ресей СІМ Telegram-арнасында ведомство басшысы «Ресей мен АҚШ лидерлері Аляскада жасаған келісімдерді ұстануға дайын екенін, Украина қақтығысының түпкі себептерін жою бағытында америкалық тараппен үйлесімді жұмыс жүргізуге әзір екенін» мәлімдегенін хабарлады. Сонымен бірге, Лавров «Киев пен бірқатар еуропалық астаналар алға тартып отырған, қақтығысты созуға бағытталған схемалардың мүлдем қабылданбайтынын» жеткізген.

23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Дональд Трамп «Ресей мен Украинаның қақтығысын реттеуге бар күшін салып жатқанын» айтты. Оның айтуынша, бұл қақтығысты тоқтату «ең оңай шаруа» болады деп үміттенген, себебі Ресей президенті Владимир Путинмен «жақсы қарым-қатынасы» бар еді.

— Барлығы Ресей бұл соғысты үш күнде жеңеді деп ойлады. Бұл жай ғана қысқа қақтығыс болады деп есептелді. Бірақ бәрі басқаша өрбіді. Бұл Ресейді жаман жағдайда көрсетіп отыр, — деді Трамп.

Сол күні бірнеше сағаттан кейін Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен жеке кездескеннен соң, өзінің Truth Social желісінде «Украина Еуроодақтың қолдауымен барлық жерін бастапқы шекарасына дейін қайтарып ала алады» деп жазды.

— Уақыт, сабыр және Еуропа мен әсіресе НАТО-ның қаржылай қолдауымен соғыс басталған шекараларды қалпына келтіру әбден мүмкін. Ресей бұл мағынасыз соғысты үш жарым жылдан бері жалғастырып келеді. Ал мықты әскери держава мұндайды бір аптаға жеткізбей аяқтар еді, — деді АҚШ президенті.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме Трамптың бұған дейінгі «соғысты тоқтату үшін Киев аумақтық талаптардан бас тартуы мүмкін» деген сөздеріне қарама-қайшы болды.

БҰҰ Марко Рубио НАТО Ресей Сергей Лавров трамп Украина

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024850 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.