Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – «Қазпошта» АҚ АҚШ Шекара-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты АҚШ-тағы мекенжайға бағытталған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
– «Қазпошта» АҚ АҚШ Шекара-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты АҚШ-тағы мекенжайға бағытталған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Хаттар мен құжаттарды жіберу қалыпты түрде жалғасады, – делінген компания таратқан ақпаратта.
Бұған қоса, шектеуді америкалық тарап енгізген. Ол көптеген елден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты қолданылып отыр. Қазіргі таңда Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек бесеуі ғана АҚШ-қа тауар салынған сәлемдемелерді жолдай алады.
– «Қазпошта» АҚ серіктестермен тұрақты байланыста және қызметті жылдам қалпына келтіру үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр, – деп атап өтеді компаниядан.
