Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ — Халықаралық ғалымдар тобы, оның құрамында NASA мамандары да бар, 2032 жылы аймен соқтығысуы мүмкін 2024 YR4 астероидын жою үшін ядролық қару қолдануды қарастырып отыр. Бұл туралы Report агенттігі хабарлады.
2024 YR4 астероиды 2024 жылы табылған. Бастапқы есептер бойынша оның жерге соғу ықтималдығы шамамен 3% деп бағаланды, кейін бұл қауіп жоққа шығарылды. Дегенмен ғалымдар 2032 жылдың соңында астероидтың аймен соқтығысудың ықтималдығы шамамен 4% болатынын ескертеді.
Ғалымдар айға әсер ету қаупін болдырмаудың екі жолын ұсынды: біріншісі — астероидтың орбитасын өзгерту, екіншісі — ядролық қарумен жою. Соңғы нұсқа үшін бір мегатонналық ядролық бомба жеткілікті.
Түпкілікті шешім 2028 жылдың соңында, астероид жерге жақындағаннан кейін қабылданатын болады.
