Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – АҚШ Президенті Дональд Трамп сопақ кеңседен жүргізілген тікелей эфир барысында Вашингтонда өлім жазасын қолдану жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл шара штат болып саналмайтын Колумбия округінде күшіне енді. Астананың аумағын ресми түрде Конгресс басқарады.
АҚШ-тың Death Penalty Information Center атты үкіметтік емес ұйымының деректеріне сәйкес, 1973 жылдан бері өлім жазасына кесілген 200 азамат кейіннен ақталған. Олардың 108-і — афроамерикалықтар.
Қазіргі таңда өлім жазасы 27 штатта заңды болып саналады, оның алтауында мораторий енгізілген.
