Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласында болған еді. Онда БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, Жалпы дебатта сөз сөйледі. Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесіп, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізді.
