Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы ресми түрде қарсы алды.
Алдымен екі ел көшбасшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан кейін мәртебелі мейманның сапарына арналған салтанатты рәсім басталды. Құрмет қарауылы сап түзеп, Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.
Президенттік оркестр Қазақстан мен Италияның мемлекеттік Әнұрандарын орындады. Әнұраннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына бет алды. Италия Президенті Ту алдында тоқтап, басын иіп құрмет білдірді.
Салтанатты рәсімнен соң мемлекет басшылары құрмет қарауыл сапымен жүріп өтті.
