Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Бұлі өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артық көрсеткіш.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1–25 қыркүйек аралығында 1 млн тонна астық тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 878 мың тоннадан едәуір жоғары.
Жалпы көлемнің 258 мың тоннасы ішкі нарыққа жеткізілсе (2024 жылы – 155 мың тонна), 777 мың тоннасы экспортқа бағытталды (өткен жылы – 723 мың тонна).
Көршілес елдерге астық жеткізу серпіні оң нәтижесін көрсетуде:
•Өзбекстанға – 31%-ға өсіп, 250 мың тоннадан 327 мың тоннаға жетті;
•Тәжікстанға – 15%-ға артып, 116 мың тоннадан 133 мың тоннаға жетті;
•Қырғызстанға – 42%-ға ұлғайып, 6 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін көтерілді;
•Әзербайжанға – екі есеге артып, 12 мың тонна жеткізілді.
Астық экспортының ұлғаюы биылғы мол өнімділікті, қазақстандық бидайға сыртқы нарықтағы тұрақты сұранысты және теміржол көлігі қамтамасыз етіп отырған логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін айқын көрсетеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграршыларды қолдау, экспорт бағыттарын кеңейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды жалғастыруда.
