Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Қазақстанда бүгінде жасы 100 және одан жоғары 448 азамат тұрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Ең қарт қазақстандық – Ұлытау облысының тұрғыны, ол жуырда 115 жасқа толған мерейтойын атап өтті.
Жүзжасарлардың ең көбі Алматы қаласында – 58 адам. Түркістан облысында 53 адам, Алматы облысында 37 адам бар.
Қазақстандағы ең қарт үш тұрғынның қатарына Ұлытау облысының 115 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы 113 жастағы азамат, Жамбыл облысының 110 жастағы тұрғыны кірді.
Айта кетейік, жыл сайын 1 қазан күні әлемде, соның ішінде Қазақстанда да Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланған.
