Астана. 2 қазан. BM.KZ — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінгендерді босату жұмыстары аяқталып қалғанын айтты.
— Рақымшылық іс-шаралары аяқталып қалды. Қамауда отырғандар босатылды, сондай-ақ рақымшылық аясында ауыр емес қылмыс және материалдық залал келтірмеген ауырлығы орташа қылмыс үшін қылмыстық қудалау бойынша қамтылғандарға да қатысты болды. Толық ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялайды, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, қамаудан босатылғандарға қатысты міндетті түрде пробациялық қадағалау болады.
