Астана. 2 қазан. Атақты түрік актері Маңғыстауда өтіп жатқан «Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне арнайы қатысып жатыр. Бұл туралы Kazinform мәлім етті.
Бурак Озчивит «Осман империясы», «Қара Севда», «Керемет Ғасыр» телехикаяларымен танымал.
— Бұл менің Ақтауға алғаш келуім. «Қорқыт ата» фестиваліне шақырту алып, бірден барамын деп шештім. Себебі, біз бауырлас халықпыз. Сый-құрметке рахмет. Маңғыстау халқының ыстық ықыласына бөленіп жатырмын, — дейді Бурак Озчивит.
Кинофестивальге түркі мемлекеттерінің өзге де танымал актерлері мен атақты режиссерлері қатысып жатыр. Бұдан бөлек елімізге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан мен Мажарстаннан делегаттар келген.
