Астана. 2 қазан. BM.KZ – Израиль әскери-теңіз флоты Газа секторы үшін гуманитарлық жүк тиелген флотилияны тоқтатты. Кемелердің бірінде экобелсенді Грета Тунберг те болған, деп хабарлайды DW.
Израиль СІМ мәліметінше, бірнеше кеме еш зақымсыз тоқтатылып, жолаушылар Израиль порттарына жеткізілген.
«Грета мен оның серіктестері қауіпсіз жерде, бәрі аман-есен», – делінген Израиль билігінің хабарламасында.
Бұл жағдай биыл алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Маусым-шілде айларында да Израиль әскері теңіз арқылы гуманитарлық көмек жеткізбек болған кемелерді тоқтатып, экипаждарды ұстаған еді. Маусым айында Грета Тунберг осындай бастаманың біріне қатысып, Газа жағалауынан 185 шақырым қашықтықта ұсталған флотилияның ішінде болған.
Қазіргі флотилия тамыз айының соңында Барселонадан шыққан. Құрамында бірнеше жүз адам мінген 40-тан астам желкенді қайық пен катер бар.
Ұйымдастырушылар гуманитарлық көмекті Газаға Израильдің Ашдод порты арқылы жеткізу туралы ұсынысты қабылдаған жоқ. Сондай-ақ, олар 1 қазанда Италияның Израиль анклав жағалауынан 280 шақырым жердегі блокадаға жеткенге дейін тоқтау туралы үндеуді де орындамады.
Флотилия тоқтатылғаннан кейін Рим мен Неаполь қалаларында палестиналықтарды қолдау мақсатында шерулер өтті. Наразылық білдірушілер Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді белсенділермен ынтымақтастық танытпағаны үшін сынға алды.
