Астана. 6 қазан. BM.KZ — Қарағандыда әйел денесімен бірге табылған полицей комадан шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
36 жастағы пациенттің жағдайы ауыр. Полиция майоры қазіргі уақытта реанимация бөлімінде. Ем шаралары сәтті аяқталған жағдайда, ол тергеушінің сұрақтарына жауап беретін болады.
Ресми деректер бойынша, ер адам мен әйелдің денелерінде зорлық-зомбылық, қан немесе арпалыс іздері табылмаған. Марқұмның туыстары өлімінің себебін білу үшін химиялық-токсикологиялық сараптама нәтижесін күтуде. 23 жастағы Эльмираның артында 4 жасар ұлы қалды.
Бұған дейін Қарағанды облысында полиция бекеттерінің бірінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылғанын хабарлаған болатынбыз.
