Астана. 6 қазан. BM.KZ – Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары бойынша Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.
Командалық сайыста отандастарымыз бірінші орынға ие болды.
Аралас жұптар арасында Эдуард Ким мен Карина Магрупова 180.2450 баллмен күміс медаль жеңіп алды.
Ал жұптар арасында өткен сайыста Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова қола медальға қол жеткізді.
