• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунитетті зерттеу еңбектері үшін берілді

Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунитетті зерттеу еңбектері үшін берілді

6 октября, 2025 Әлем
Фото: Beata Zawrzel/NurPhoto via Getty Images
Астана. 6 қазан. BM.KZ – 2025 жылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунитет жүйесін зерттеген ғалымдарға табысталды, деп хабарлайды Интерфакс.
Лауреаттар қатарында АҚШ-тың Жүйелік биология институтының өкілі Мари Брунков, Паркер қатерлі ісікке қарсы иммунотерапия институтының зерттеушісі Фред Рамсделл және Жапонияның Осака университетінің профессоры Шимон Сакагучи бар.
Олар «перифериялық иммундық толеранттылықты анықтауға бағытталған жаңалықтары үшін» марапатталды. Бұл биологиялық құбылыс — иммундық жүйенің өз ағзасына зиян келтірмеуін қамтамасыз етеді.

— Олардың жаңалықтары иммундық жүйенің қалай жұмыс істейтінін және неге кей адамдарда ауыр аутоиммундық аурулар дамымайтынын түсінуге шешуші рөл атқарды, — деді Нобель комитетінің төрағасы Олле Кемпе.

Физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығын Швецияның 1810 жылы құрылған Каролин институты тағайындайды. Бұл номинация бойынша сыйлық алғаш рет 1901 жылы берілген.
Ғалымдардың жұмыстары іргелі (физиологиялық) немесе қолданбалы (медициналық) сипатта болуы мүмкін. Комитет әдетте осы екі бағытты кезектестіріп марапаттап отырады.
Физиология және медицина саласы бойынша 2024 жылы америкалық ғалымдар Виктор Эмброс пен Гэри Равкан гендерді реттеуде маңызды рөл атқаратын жаңа класс — микроРНҚ молекулаларын ашқаны үшін марапатталды. 2023 жылы Каталин Карико мен Дрю Вайсман COVID-19 індетіне қарсы мРНҚ-вакцина технологиясының негізін қалаған зерттеулері үшін жеңімпаз атанды. 2022 жылы швед биологы Сванте Паабо ежелгі адамдардың ДНҚ-сын зерттеп, неандерталь және денисов адамдарының геномын алғаш рет ашқаны үшін сыйлық иеленді.
Осылайша, дәстүрлі Нобель апталығы физиология және медицина саласындағы марапатпен  басталды. 7 қазан – физика саласы бойынша лауреат анықталады, 8 қазан – химия, 9 қазан – әдебиет, 10 қазан – бейбітшілік саласы бойынша жеңімпаз жарияланады (Осло қаласында). 13 қазан – Альфред Нобель атындағы экономика сыйлығының иесі белгілі болады.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүр бойынша 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді.
иммунитет медицина Нобель сыйлығы физиология

Оқылып жатыр

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.