• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » СҚО-да үй құстарының неден қырылғаны белгілі болды

СҚО-да үй құстарының неден қырылғаны белгілі болды

7 октября, 2025 Жаңалықтар
Фото: Kazinform

Астана. 7 қазан. BM.KZ – Солтүстік Қазақстан облысы Бугровое елді мекенінде үй құстары пастереллез ауруынан қырылған, деп хабарлайды Kazinform.

Бугровое ауылының тұрғыны Мағжан Ақылбаев қаз шаруашылығымен айналысу үшін 10 млн теңге несие алған. Екі апта ішінде 5 мың құстың жартысына жуығы қырылып қалды.

– Бұған дейін екі рет сараптама пастереллезді көрсетпеді, тек үшіншісінде ғана бұл ауру расталып отыр. Енді тәуелсіз сараптама жасатпақшымыз. Өйткені барлық белгісі құс тұмауына келеді. Пастереллез дегенге сенбеймін. Қаншама қаражат, еңбек еш болды. Өтемақы төленгенін қалаймын, әрине. Өйткені 31 желтоқсанға дейін қарызды жабуым керек, — дейді Мағжан Ақылбаев.

Келген мамандар ауыл тұрғынына қалған құсты сойып алуға кеңес берген. Өйткені пастереллездің емі жоқ.

– Пастереллез жабайы құстардан жұғуы мүмкін. Ауылда көлдер жетерлік. Пастереллезге қарсы ем жоқ, өйткені тұрғындар қандай ғана антибиотик бермеді.
Бұл ауылда 3 мыңнан артық құс қырылды. Өлген қаз мал қорымында жойылды. Кейін тереңдігі 3 метрлік ор қазылып, өлген құс өртеліп жатыр. Ауыл әкімі қаншасы жойылғанын бақылауда ұстап отыр. Әрі қарай таралмауы үшін қора-қопсыға дезинфекция жасалып жатыр. Ертең бұл жұмыс қайта жүргізіледі. Ең бірінші болып құстары ауыра бастаған тұрғындарда 4-5 күн болды, өлім-жітім тоқтады, — дейді Қызылжар аудандық ветеринарлық станцияның директоры Ерлан Багенов.

Қызылжар ауданында құс тұмауы соңғы рет 2020 жылы тіркелген екен.

– Өлген құстардан, қанынан және түрлі мүшелерінен үш рет сараптамаға материал алынды. Құс тұмауы расталмады. Тек бүгін ғана сараптама қорытындысы келіп, пастереллез екені анықталды. Екі күн бұрын тағы да қосымша сараптамаға материал алынып, жіберілді. Тұрғындарды, әрине, өтемақы мәселесі қызықтырады. 2020 жылы құс тұмауы болғанда, 2024 жылы мал-құс суға кеткенде есепте болсын-болмасын – өтемақы толық төленді. Бірақ пастереллез – аса қауіпті аурулар тізілімінде жоқ. Яғни вакцина да, өтемақы да қарастырылмаған. Бірақ аудан әкімі бұл мәселені шешуге уәде етті, бюджеттен тыс қаржы тауып, төленеді. Ол ертең ауылға өзі барып, құсы қырылған 14 отбасымен кездесіп, түсіндіреді, — дейді Ерлан Багенов.

Маманның айтуынша, биыл Қызылжар ауданында ғана тұрғындардың 89 мың құсына вакцина егілген. Былтыр 133 мың бас құсқа тегін вакцина салынды.

– Жұрттың кейбірі жасырады, екпе тегін болса да салдырмайды. Ветеринарлар мәліметті тек әкімдіктерден ғана алады. Бугровое елді мекенінде неліктен құс жаппай қырылды. Біріншіден, мұнда үй құстары көп шоғырланған болып шықты. Шаруашылық кітабында қаз-үйректер есепке алынбаған. Мысалы тұрғындар көктемде балапанды сатып алды, күзде сойып, өткізеді. Бірақ заңда анық жазылған, сатып алынған үй құсы не жануар үш күн ішінде ветеринар дәрігерге не әкімдікке хабарлануы керек, — дейді ветеринар.

пастереллез СҚО үй құстары

Оқылып жатыр

Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды

Елорда дәрігерлері науқастарды емдеуге бөлінген 675 млн теңгені қалтаға басқан

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді облыстық полиция департаментіне қарасты…

Елорда дәрігерлері науқастарды емдеуге бөлінген 675 млн теңгені қалтаға басқан

8 апреля, 2026

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

8 апреля, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.