Астана. 7 қазан. BM.KZ – Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден ерлер арасында жекелей сындағы еркін бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин топ жарды.
Отандасымыз 198.7639 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың екінші алтын медалін жеңіп алды.
Бұл сында күміс жүлдені жапониялық Ремма Феруучи 191.0126 ұпаймен иеленсе, қола жүлде таиландтық Ваттикорн Кхетхиранканокке (132.2613 ұпай) бұйырды.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы күнінде Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында жеңіске жетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілген болатын.
