• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды

Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды

8 октября, 2025 Жаңалықтар
Однопалатный парламент
Фото: parlam.kz

Астана. 8 қазан. BM.KZ – Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды, — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар.

Бұған қоса, Жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар енді.

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының құрамы:

Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Жұмыс тобының жетекшісі;

Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;

Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;

Жұмыс тобының мүшелері: 

Айтқожин Қабдолсамих Көшекұлы – заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры;

Әзілханов Марат Алмасұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығың меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;

Әубәкірова Индира Оралқызы – заң ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры;

Бәшімов Марат Советұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;

Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі «Аманат» фракциясының басшысы;

Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;

Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» фракциясының басшысы;

Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы – «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті;

Жақаева Лейла Сұлтанқызы – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің Сот төрелігі академиясының профессоры;

Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;

Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы;

Караев Алипаша Агаханович – заң ғылымдарының кандидаты, Каспий университеті «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры;

Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Республика» фракциясының басшысы;

Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;

Магеррамов Магеррам Мамедович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан халық партиясы» фракциясының басшысы;

Малиновский Виктор Александрович – заң ғылымдарының докторы, «Нархоз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам профессоры;

Нүкенов Абзал Нүкенұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы;

Пан Наталья Виссарионовна – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына қарасты «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК директоры;

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» фракциясының басшысы;

Пономарев Сергей Михайлович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Жалпыұлттық социал-демокртиялық партия» фракциясының басшысы;

Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Чеботарев Андрей Евгеньевич – Ұлттық құрылтай мүшесі, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры;

Шаймарданов Жандос Нұрланұлы – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры;

Шапақ Үнзила – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;

Шаталов Никита Сергеевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Шибутов Марат Мақсұмұлы – Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы;

Ыбыраева Алуа Саламатқызы – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.

Ақорда Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.