• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанның тұрғын үй нарығы: Қыркүйекте сауда-саттық қалай құбылды

Қазақстанның тұрғын үй нарығы: Қыркүйекте сауда-саттық қалай құбылды

10 октября, 2025 Жаңалықтар
Фото: gov.kz

Астана. 10 қазан. BM.KZ — Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қыркүйектегі тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәмілелер саны бойынша ақпаратты жариялады.

2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда тұрғын үй сатып алу және сату бойынша 41 313 мәміле жасалды. Бұл — өткен аймен (тамыз) салыстырғанда 0,2%-ға аз.

Мәмілелердің ішінен:

8 661 мәміле жеке үйлер бойынша тіркелді, 32 652 мәміле көпқабатты үйлердегі пәтерлерді сату бойынша болды.

Ең көп тұрғын үй сатып алынған өңірлер: Алматы қаласы — 8 859 мәміле (барлық мәміленің 21,4%-ы), Астана қаласы — 8 644 мәміле (20,9%), Қарағанды облысы — 3 029 мәміле (7,3%). Ал ең аз мәміле тіркелген өңір — Ұлытау облысы, мұнда небары 306 мәміле жасалған (0,7%).

Мәмілелер санының өзгеруі

Тамыз айымен салыстырғанда, кейбір өңірде мәмілелер саны айтарлықтай өсті:

Қызылорда облысы — +20,2%

Атырау облысы — +12,6%

Түркістан облысы — +9,9%

Керісінше, төмендеу байқалған өңірлер:

Шымкент қаласы — -10,9%

Алматы қаласы — -8,6%

Жетісу облысы — -5,8%

Жылдық өзгеріс 2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда:

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 4,5%-ға артқан. Былтыр — 39 543 мәміле болған.

Ең үлкен өсім Астана қаласында байқалды — +30,1%.

Ең үлкен төмендеу Батыс Қазақстан облысында — -31,9%.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы жалпы мәмілелер саны, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 3,2%-ға көбейді.

Бағаның өзгерісі

Жылдық өсім (2024 ж. қыркүйекпен салыстырғанда):

Жаңа пәтерлердің бағасы — 12,8%-ға өсті.

Қайталама нарықтағы сатылатын пәтерлердің бағасы — 10,3%-ға өсті.

Жалға алу ақысы — 9,9%-ға қымбаттады.

Баға ең көп өскен қалалар төмендегідей:

Жаңа тұрғын үйлер бойынша:

Павлодар — +26,4%

Қызылорда — +15,3%

Шымкент — +15,2%

Қайталама нарықтағы пәтерлер:

Ақтөбе — +18,9%

Павлодар — +18,8%

Алматы — +17,9%

Жалға алу ақысы:

Ақтөбе — +40,7%

Көкшетау — +18,7%

Астана — +18,1%

Айлық өсім:

2025 жылғы тамызбен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы — 2,1%-ға өсті. Қайталама нарықта сатылатын пәтерлердің бағасы — 1,5%-ға өсті. Жалға алу ақысы — 2,8%-ға өсті.

Айта кетейік, ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және алдын ала таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

баға жылжымайтын мүлік тұрғын үй

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.