• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне көтерді

10 октября, 2025 Жаңалықтар
Фото: Ұлттық банк

Астана. 10 қазан. BM.KZ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18,00% деңгейінде белгіледі.

Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады. Мұны реттеуші бағаның шектен тыс өсіп кетуімен түсіндірді.

«Инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясында ақша-кредит шарттарының жұмсаруы бағаның шектен тыс өсуіне қауіп туғызды. Осыған байланысты инфляцияның динамикасын тұрақтандырып, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін шешімді қадам жасауға тура келді», – деп жазылған қаржы ұйымының сайтында.

Барлық негізгі метрика бойынша инфляцияның өскені байқалды. Жылдық инфляция қыркүйекте 12,9%-ға дейін қарқын алып , Ұлттық Банктің болжамынан асып түсті.

Өндіріс шығындары, импорт құнының өсуіне байланысты азық-түлік те қарқынды қымбаттап жатыр. Жанар-жағармай нарығын ырықтандыру шараларын жалғастыру аясында азық-түлікке жатпайтын инфляция қарқын ала бастады (10,8%) – отын бағасы бір жылда 11,9%-ға қымбаттап, қыркүйекте 3,4%-ға өсті.

«Сыртқы инфляциялық әсер әлі сақталып отыр. Сонымен бірге, ең алдымен, әлемдік азық-түлік нарықтары жағынан тәуекел күшейе түсті. Соңғы жылдары ет пен өсімдік майы санаттарында баға жағынан рекордтық өсім байқалды. Олардың динамикасы белсенді ішкі экспорт жағдайында ішкі бағалардың өсуіне әсер етеді» , – деп түсіндіреді Ұлттық банк.

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы экономиканың өсуі жылдық мәнде 6,5%-ға дейін жеделдеді. Бірақ бұл өсім бюджеттік экспансияға және ішкі тұтынуға тәуелді секторларда шоғырланып тұр дейді мамандар. Сұраныстың ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсу белгілері күшейіп, импорттың тиісінше өсуіне алып келіп отыр. Қосымша динамиканы белсенді тұтынушылық несиелеу мен жоғары инфляциялық күтулер берді.

«Инфляцияның айтарлықтай жеделдеуі, жоғары инфляциялық күтулер мен нақты тиімді айырбастау бағамының әлсіреуі жиынтық ақша-кредит шарттарының елеулі түрде жеңілдеуіне және болжамды инфляцияның орнықты төмендеу траекториясынан ауытқуына алып келді. Осы жағдайларда, инфляцияның нақты деңгейі болжамнан асып түскеніне байланысты ақша-кредит саясатын қатаңдату мақсатында Комитет базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім қабылдады», – деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Егер бұл деңгей жеткіліксіз болса, болашақта одан әрі қатаңдатуы мүмкін екенін де ескертті.

ақша базалық мөлшерлеме Инфляци несие Ұлттық банк

Оқылып жатыр

Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды

Басты тақырып 28 января, 2026

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Павлодар қаласында есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды…

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

28 января, 2026

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

28 января, 2026

Рыбакина жартылай финалға өтті — Australian Open

28 января, 2026

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

28 января, 2026

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

27 января, 2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.