Астана. 14 қазан. BM.KZ – Алексей Цой Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
