Астана. 15 қазан. BM.KZ – Палестиналық ХАМАС ұйымы өз еркімен қарусызданудан бас тартса, АҚШ бұл шаруаны оларға күшпен орындатпақ. Бұл туралы Дональд Трамп Аргентина президенті Хавьер Милеймен Ақ үйде өткен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.
Трамп мұндай мәлімдемені Аргентина басшысымен кездесуі кезінде айтты. АҚШ президенті ХАМАС-қа ескерту жасап, егер ұйым қару тапсырудан бас тартса, оны АҚШ өзі жүзеге асыратынын қатаң ескертті. Бұл мәлімдемелер Израиль мен Газа секторындағы жағдайға қатысты өткір мәселелер әлі де өзектілігін сақтап тұрған шақта айтылды.
– Олар қаруларын тастайтынын айтты. Егер бұл уәде орындалмаса, онда өзіміз қарусыздандырамыз, – деп ескертті Трамп.
Ол бұл жұмысты қалай жүзеге асыратынын нақтыламайтынын да айтып өтті. Алайда ол ХАМАС өкілдері өзінің «әзілдеп тұрмағанын жақсы біледі» деген ойын жеткізді.
Сондай-ақ Трамп бұл іс-шара «жылдам әрі мүмкін болса, қатаң түрде» орындалатынын мәлімдеді.
Қарусыздандыру мерзіміне қатысты қойылған сұраққа АҚШ президенті: «Бұл – ақылға қонатын мерзім. Өте шұғыл», деп жауап берді, бірақ нақты уақыт кестесін жарияламады.
