• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » ХАМАС Израильге кепілге алынған төрт адамның денесін тапсырды

ХАМАС Израильге кепілге алынған төрт адамның денесін тапсырды

15 октября, 2025 Әлем
Фото: Eyad Baba/AFP/Getty Images

Астана. 15 қазан. BM.KZ – Жоспарда атысты тоқтату келісімі аясында 28 адамның денесін беру қарастырылған, деп хабарлайды ВВС.

ХАМАС өкілдері кейбір мәйіттерді алу қиынға соғатынын, өйткені кепілге алынғандар Газа секторының әртүрлі аймақтарында түрлі топтардың қолында болып қайтыс болғанын мәлімдеді.

Бұдан басқа, содырлар кейбір адамдардың денелері соғыс кезінде қираған ғимараттар үйінділері астында қалуы мүмкін екенін, оларды алып шығу үшін ауыр техника қажет деп мәлімдеді.

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) қаза болған кепілге алынғандардың денелері салынған төрт табыттың әскери қызметкерлердің бірге еріп жүруімен Израиль шекарасынан өткенін және сәйкестендіру жүргізілетін Сот медицина институтына жеткізілгенін хабарлады. Марқұмдардың отбасыларымен бірге ЦАХАЛ өкілдері еріп жүр.

Times of Israel жазуынша, ХАМАС сәрсенбі күні кепілге алынған тағы төрт адамның денесін қайтаратынын мәлімдеді.

Мәйіттер Израиль Палестина тобынан өлген адамдардың сүйектерін тапсыру жөніндегі міндеттемелерін орындауды талап етіп, Рафах шекара бекетін жабық күйде ұстайтынын және Газаға гуманитарлық көмек жеткізілімін азайтатынын жариялағаннан кейін қайтарылды. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қалған кепілге алынғандар туралы хабарды «бірнеше сағаттың ішінде» күтетінін мәлімдеген.

— Жақында бірнеше сағат ішінде тағы бірнеше қаза болған кепілге алынғандардың қайтарылуы туралы хабар аламыз. Бірақ біз олардың барлығын қайтармақпыз, — деді Нетаньяху дүйсенбі күні босатылған тұтқындар жатқан ауруханаға барған кезде.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп та ХАМАС-тан барлық өлген израильдік кепілге алынғандардың мәйіттерін қайтаруды талап етіп, оның Газадағы бейбітшілік жоспарының келесі кезеңі басталғанын мәлімдеген.

— Барлық 20 тқтқын оралды және күтілгендей өздерін жақсы сезініп жүр. Мойынымыздан үлкен жүк түсті, бірақ жұмыс әлі аяқталған жоқ. Қаза болғандар уәде етілгендей қайтарылмады. Екінші кезең дәл қазір басталады! – деп жазды Трамп Мысырда бейбіт жолмен реттеу туралы декларацияға қол қойылған күннің ертеңіне өзінің Truth Social әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кеше Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында қол қойылған атысты тоқтату келісімінің егжей-тегжейі белгісіз болып қалып отыр. Трамптың бейбітшілік жоспарының бірінші фазасы негізінен израильдік кепілге алынғандар мен палестиналық тұтқындарды айырбастауға, сондай-ақ Газадан әскерді ішінара шығаруға бағытталған.

ВВС жазуынша, келісімнің келесі кезеңдері бойынша келіссөз барысында бірқатар даулы мәселелер туындауы мүмкін, соның ішінде ХАМАС-ты қаруын тастауға шақыру – топ бұл мүмкіндікті қабылдамай отыр.

Сейсенбі күні Трамп Ақ үйде егер содырлар бұны өз еркімен жасаудан бас тартса, ХАМАС-ты қарусыздандыруға уәде беріп, қажет болған жағдайда бұл мақсатқа күшпен жетуге болатынын қосып өтті.

— Егер олар қаруын тастамаса, біз оларды қарусыздандырамыз. Және бұл тез және мүмкін күш қолдану арқылы болады, — деп мәлімдеді америкалық көшбасшы Ақ үйде Аргентина президенті Хавьер Милеймен кездесуі кезінде.

Израиль Палестина Хамас

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Басты тақырып 19 мая, 2026

Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күні, 27 мамырда…

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өлімі ашылды

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.