Астана. 20 қазан. BM.KZ – Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының аясында «Қайрат» және «Пафос» арасында ойын өтеді.
Матч 21 қазан сағат 21:45–те басталады. Алматы қаласы спорт басқармасының мәліметінше, ойын күні стадион маңындағы көлік қозғалысы айтарлықтай шектеледі.
— Жанкүйерлерге матч басталмас бұрын стадионға ертерек келіп, билетте көрсетілген кіреберістер арқылы кіру және қоғамдық тәртіпті сақтау ұсынылады. Бұл шаралар кезектердің алдын алып, барша көрермен үшін жайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стадион аумағында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді, — деп хабарлады ведомство.
