• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанда дәрігер тапшылығы азайды

Қазақстанда дәрігер тапшылығы азайды

21 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: Gov.kz

Астана. 21 қазан. BM.KZ – Үкіметте сөз болған денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселесіне қатысты көтерілген мәселелердің бірі — дәрігер тапшылығын азайту, ауыл-аймақтарды білікті медицина мамандарымен қамтамасыз ету.

2025 жылы еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарын 10,5 мың маман тәмамдады, олардың 34%-ы ауылдардағы медициналық ұйымдарға бөлінді. Бұл былтырғымен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары.

Өңірлердегі қажеттіліктерді ескере отырып, биыл 5 мыңнан астам білім гранты бөлінді. 2024 жылдың қазан айынан бері 16 тапшы мамандық бойынша ауылдарда жұмыс істеп жүрген 254 дәрігер 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем алды. 2025 жылы тағы 105 маманға осындай қолдау көрсетілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздегі дәрігер тапшылығы 19%-ға, орта санатты медицина қызметкерлері тапшылығы 13%-ға азайды. Ауылдық жерлердегі кадр тапшылығы 17%-ға төмендеді.

1 қыркүйектен бастап алты негізгі бағыт бойынша (оның ішінде терапия, педиатрия және хирургия) интернатурада, сондай-ақ педиатрия бағытындағы 14 мамандық бойынша резидентурада оқыту басталды.

Дәрігер мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беру пәндерінің көлемін қысқарту есебінен базалық пәндерге бөлінетін оқу жүктемесі 10 кредитке ұлғайтылды.

Оқу бағдарламаларының сапасы көтерілді, базалық пәндердің үлесі артты, сондай-ақ мамандарды даярлауға халықаралық стандарттар енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, 1 қыркүйектен бастап Қарағанды медициналық университеті мен Қазан федералдық университеті арасында алғаш рет екі диплом бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама бойынша 70 студент оқуға қабылданды. Сондай-ақ Пәкістан медициналық университетінің филиалын ашу мәселесі пысықталып отыр.

Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлеріне қол көтеру оқиғаларына қатысты Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу бастамасы көтерілді. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленді: медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылды. Сондай-ақ мемлекеттік медициналық ұйымдардың 98%-ы және жекеменшік ұйымдардың 76%-ы жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасты.

дәрігер денсаулық сақтау медицина Пәкістан Үкімет

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024850 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.