• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан және Әзербайжан президенттері 15 құжатқа қол қойды

Қазақстан және Әзербайжан президенттері 15 құжатқа қол қойды

21 октября, 2025 Ақорда
Фото: Ақорда

Астана. 21 қазан. BM.KZ – Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Жалпы, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіптік меншік, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы ең алдымен, шақыруын қабыл алып, Астанаға мемлекеттік сапармен келгені үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке шынайы ризашылығын білдірді.

– Мен бұл сапарға ерекше мән беріп отырмын. Бауырлас Әзербайжан халқының басшысын, аса көрнекті мемлекет қайраткері Президент Ильхам Әлиевті қазақ жерінде қарсы алу – біз үшін зор мәртебе. Екі елдің тамыры – бір, тарихы – ортақ. Әзербайжан – Қазақстанның маңызды әрі сенімді стратегиялық серіктесі. Бүгінде қарым-қатынасымыз тұрақты дамып келеді. Біз өзара байланысымызды күшейтуге айрықша көңіл бөлеміз. Басты мақсат – достығымызды нығайтып, түрлі саладағы ықпалдастыққа тың серпін беру. Бұл қос халықтың мүддесіне сай келеді. Осы сапар Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеруге ықпал етеді деп кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің мемлекеттік сапарын елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті және одақтастық қатынастарды нығайту жолындағы аса маңызды қадам деп санайды.

– Ильхам Гейдар оглу Әлиев – тарихи масштабтағы көрнекті мемлекет қайраткері. Ол Әзербайжанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда және нығайтуда шешуші рөл атқарды. Президент Ильхам Әлиевтің ерен еңбегінің арқасында Әзербайжанның халықаралық аренадағы абыройы мен ықпалы еселеп өсті. Оның қуатты көшбасшылығымен Әзербайжан көптеген салада, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық дамуда керемет табыстарға жетті. Ауқымды реформалардың нәтижесі еліңіздің қарқынды өзгерісінен, экономиканың орнықты өсімінен, азаматтардың әл-ауқатының артуынан көрінеді. Әзербайжанның макроэкономикалық көрсеткіштері орнықтылығымен ерекшеленеді және ел өркендеуінің айқын дәлелі. Қазақстандықтар бауырлас Әзербайжанның жетістігіне шынайы қуанады, – деді Қазақстан Президенті.

Ақорда Әзербайжан Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.