Астана. 21 октября. BM.KZ – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Баку мен Ереван арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Әзербайжан оккупация басталған мезеттен бергі Арменияға жүк тасымалдауға қойылған шектеудің бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал», — деді Ильхам Әлиев.
Еске салсақ, кеше Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Екі ел Президенттері Астанада келіссөз жүргізді.
Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастық туралы 15 құжатқа қол қойды.
