• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Цифрлық таңбалаудың киік атуға не қатысы бар?

Цифрлық таңбалаудың киік атуға не қатысы бар?

22 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: Gov.kz

Қазақстанда бес жыл бұрын тауарды цифрлық таңбалау тәжірибесі басталған. Бүгінге дейін темекі, аяқ киім  мен дәрілік заттар таңбаланып келсе, келесі жылдан бастап сыра, жеңілөнеркәсіп, мотор майы, зергерлік бұйымдар мен киіктің мүйізі таңбалана бастайды. Сондай-ақ, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ), косметика, тұрмыстық химия, газ баллондары мен өсімдік майына міндетті таңба енгізілуі мүмкін.

Заңсыз айналымнан 5 млн темекі қорабы алынған

Айта кетсек, 2020 жылы Қазақстанда алдымен темекі өнімдері таңбалана бастады. Ресми дерекке сәйкес, таңбалау басталғалы салық түсімдері артып, заңсыз сауда көлемі азайған. Бүгінде 6 млрд темекі қорабына код енгізілген.

Фото: Freepik

Сонымен қатар, былтыр заңсыз айналымнан жалпы құны 12,8 млрд теңгенің 5 млн темекі қорабы алынған.

«Бұл көрсеткіштер 2023 жылмен салыстырғанда 28% жоғары, бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және темекі өнімдері нарығында бақылаудың күшейгенін көрсетеді. Салық түсімдерін айтсақ, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша акциздік түсімдердің өсуі 121% құрады. Таңбалау арқылы нүктелік бақылау мемлекетке өткен кезеңмен салыстырғанда шамамен 36 млрд қосымша салық берді, яғни осынша сома бұрын контрабандада болған», – деді Салықтық әкімшілендіру департаментінің директорының м.а. Бектас Әділғалиев.

Оның пікірінше, Қазақстандағы тауарларды цифрлық таңбалау жүйесінің фискалдық тиімділігі жоғары, бірақ оны толыққанды іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және салықтық әкімшілендіру тетіктерін нығайту қажет.

«Цифрлық таңбалау енгізілгеннен кейін акциздік баждар мен ішкі салықтардан түсетін түсімдердің қарқынды өскенін байқаймыз. Мәселен, түсімдер 7,8 млрд теңгеден 24,8 млрд теңгеге дейін артқан. Бұл таңбалаудың көлеңкелі экономикамен күресудегі тиімді құрал екенін дәлелдейді», – дейді ол.

Спикердің пікірінше, фискалдық орган  технологиялық серіктес ретінде мемлекетке барлық қажетті деректі ұсынғанымен, бұл деректерді заңды және тиімді басқаруға арналған құралдары жоқ. Сондықтан цифрлық таңбалаудың әлеуетін арттырып, әділ сауда жүйесін орнату үшін нормативтік базаны жетілдіру қажет деп есептейді.

Қоймада жарты жыл жатқан дәрілер анықталған

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірованың мәліметінше, 2021 жылдан бері елде 145 млн аяқ киім таңбалаған. Ең маңыздысы – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен кодтардың өзара танылуына қол жеткізілді. Бұл біздің отандық өндірушілерге өз өнімдерін шетелге кедергісіз экспорттауға мүмкіндік береді.

Былтыр 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмекті цифрлық таңбалау туралы норма күшіне енді. Содан бері Қазақстанда өндірушілер мен дистрибьюторлар және ірі қоймалар дәрі-дәрмектерді таңбалай бастаған. Айта кетейік, дистрибьюторлар бүгінде 300-ге жуық импорттық дәрі-дәрмек түрін әкеліп отыр. Осы жұмыстың нәтижесінде қоймада айлап қолданылмай жатқан дәрілерді анықтауға мүмкіндік туған.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша кейбір медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың қоры қоймада 6 айдан астам жатқан. Бұл өлі жүк құсап жатқан қаржы. Дәрі қоймада 2-3 ай ғана болмаса, 6 ай жатпауы керек. Дәрінің қоймада айлап жатуының себебін ешкім түсіндіре алмады. Енді цифрлық таңбалаудың арқасында елдегі дәрі-дәрмектің игеріліп жатқанын көріп отырмыз», – дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Фото: Іnbusiness

Сондай-ақ, таңбалау жүйесі дәрілердің коммерциялық айналымындағы жағдайды анықтауға мүмкіндік берген. Мәселен, 1400 бизнес нысаны лицензиясы болса да жұмыс істемейтіні анықталған.

Киік мүйізін таңбалау арқылы киік санын тиімді реттеуге болады

Қазір Қазақстанда тек үш тауар тобы ғана таңбаланған (Ресейде – 33). 2026 жылдың желтоқсанында елімізде зергерлік бұйымдар, тұрмыстық химия мен косметиканы таңбалауды көздеп отыр. Сонымен қатар, киіктің мүйізі де таңбалана бастайды.

Фото: Gov.kz

«Бұл еліміз үшін өте маңызды оқиға. Бір жағынан, бұл жануар Қызыл кітапқа енгізілген. Сондықтан жойылып кетуіне жол бермеуіміз керек. Бірақ сонымен бірге, олардың саны бақылаусыз өскен кезде, бұл ауыл шаруашылығына қауіп төндіретіні туралы айтылып жатыр. Демек, жануарды белгілі бір көлемде ұстауға тырысу қажет. Дүниежүзілік жануарларды қорғау ұйымы Қазақстанға жануарларды атуды бақылау туралы талап қойды. Осылайша таңбалау бақылау құралы болып шықты. Сондықтан, біз қазір мемлекет қанша жануардың атылғанын және осы реттеудің жүзеге қалай асып жатқанын нақты түсінуі үшін киіктің мүйізін таңбалаймыз», – дейді Tañba бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Таңбалау операторының басшысы бүгінде нарықтағы көптеген қатысушының техникалық және технологиялық дайындығының төмендігін айтады. Кейбір кәсіпорындарда интернеттің болмауынан есеп жүйелерінің әлсіз немесе оны қолмен жүргізеді. Ал касса аппараттарының толық енгізілмеуі деректердің бірыңғай базада тіркелуін қиындатады. Осылайша тауар қозғалысын бақылауда қиындық туындайды. Ал таңбалау бұл қосымша салық немесе шығын емес, бар болғаны цифрландыру элементі, бақылау және есеп жүйесін автоматтандыратын құрал. Оның көмегімен кәсіпкерлер қоймадағы қорды тиімді басқарып, артық тауар жинаудың алдын алады. Бастапқыда жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуге шығын қажет етеді, бірақ бұны инвестиция ретінде қарау керек деп есептейді.

Айнұр Шошаева
BM.KZ

Бектас Әділғалиев Бикеш Құрманғалиева Ербол Оспанов киік мүйізі Цифрлық таңбалау

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.