• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Елде ажырасу саны соңғы бес жылда 16%-ға азайды

Елде ажырасу саны соңғы бес жылда 16%-ға азайды

22 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: qmonitor.kz

Астана. 22 қазан. BM.KZ – Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген. Егер 2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48,2 мың болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40,5 мыңға дейін азайды.

2020 жылы елімізде «Қазақстандық отбасылар — 2020» атты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Есепте ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты деректер мен талдаулар қамтылды.

2023 жылы осал санаттағы отбасыларды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжатта көпбалалы және табысы төмен отбасыларға арналған нақты әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ ана мен бала құқығын қорғау тетіктері қарастырылған.

— Ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі — әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында қабылданған заңнамалық өзгерістер. Осы заң аясында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке жатқызылып, балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түріне қатаң жаза енгізілді.

Аталған заңнамаларды жетілдіру шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді.

Осы мақсатта бұрын қызмет етіп келген Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта құрылып, олардың қызметі бірыңғай модель бойынша жүйелендірілді. Нәтижесінде мұндай орталықтардың саны ел бойынша төрт есе, 33-тен 131-ге дейін артты, — делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Отбасын қолдау орталықтарында көрсетілетін барлық әлеуметтік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

— Отбасы мен некені сақтау және нығайтуға арналған 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспар отбасы өміріне саналы дайындықты арттыруға және ажырасудың алдын алуға бағытталған.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген. Егер 2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48,2 мың болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40,5 мыңға дейін азайды.

2024 жылы некеге тұруға өтініш берушілерге арналған тегін алдын ала кеңес беру және оқыту жобасы іске қосылды. Жоба Шымкент және Астана қалаларында пилоттық режимде сәтті жүзеге асырылды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отбасы және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар» атты гранттық жобаны іске асырып жатыр.

Жобаның негізгі бастамаларының бірі — «Ата-аналар академиясын» құру. Бұл бастама аясында ата-аналарға арналған онлайн-курстар мен оқыту бағдарламалары ұсынылады. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндіру кездесулері өткізіледі. Жақын арада «Ата-ана.kz» онлайн платформасын іске қосу жоспарланып отыр.

Отбасы институтын және моральдық-әлеуметтік құндылықтарды нығайту мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастырады. Соңғы 11 жыл ішінде конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Сонымен қатар, 2023 жылы елімізде Аналар күні (мамыр айының екінші жексенбісі) мен Әкелер күні (маусым айының үшінші жексенбісі) ресми мереке ретінде бекітілді. Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі.

Ажырасу Ата-ана бала ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Отбасы

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.