• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Денесін мұздатқышта сақтаған: Ақтөбеде дәрігерді өлтірген мейіргер сотталды

Денесін мұздатқышта сақтаған: Ақтөбеде дәрігерді өлтірген мейіргер сотталды

22 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: Юрий Гейст / Диапазон

Астана. 22 қазан. BM.KZ – Нұрсұлтан Шаймерденов 20 жылға бас босандығынан айырылды. Сонымен бірге жәбірленушілерге 10 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Нұрсұлтан Шаймерденовке үкім шықты. Ол Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Ұрлық» баптарымен айыпты деп танылды.

— Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы бойынша 16 жыл, 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша 4 жыл 8 ай, түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. А.Айсағалиевтің атынан берілген азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылсын. Сотталушы Нұрсұлтан Шаймерденовтен 2 837 321 теңге, заңды өкілінің шығыны ретінде 3 млн теңге, моральдық шығын 10 млн теңге өндірілсін. Заттай айғақтар жәбірленуші тараптың иелігіне берілсін. Оның ішінде 4 480 050 теңге, 50 еуро, сағат, алтын бұйымдар бар, — деді судья.

Үкімнен кейін Абай Айсағалиевтің жиені сот үкіміне келісетінін, алайда нағашы ағасы өзінің туған әкесіндей, балаларына ата болғанын айтты.

— Біз сол кезде Алматы қаласында жүрдік. Байланыс үзілгенде дереу жолға шығып, 48 сағатта келдік. Осы 48 сағатта қатты алаңдап, уайымға салындық. Ақтөбеге келгенде нағашымды өлтіріп, мұздатқышқа салып, үйінен алып кеткенін білдік. Біз адам сияқты қоштаса алмадық. Тек мәйітханадан әкеліп, жаназасын оқып, жерледік. Жарты жыл бойы осы ауыртпалықпен жүрдік. Жоспары көп еді. Мүгедектік рәсімдеп, мүлкінің бәрін сатып, Астанаға көшуді мақсат етті. Ал оны аса жауыздықпен өлтірді, — деді Айбек Кауанов.

Айта кетейік, биыл нефролог Абай Айсағалиевті 31 жастағы мейіргер өлтірді деген күдікке ілікті.

Екеуі бір-бірін таниды, бір емдеу орнында жұмыс істейді. Айыпталушы әріптесінің көзіне ота жасату үшін Астана қаласына баратынын біледі. 24 мамырда түнде оның Ақтөбеге келетінін біліп, айыпталушы сол үйге қарай бағыт алады. Айсағалиев еш ойланбастан есігін ашады. Сол кезде айыпталушы ас бөлмесіне Айсағалиевтің кеуде тұсына үш рет пышақ сұғып алады. Құлаған кезде басынан балтамен ұрады. Айсағалиев өкпе, жүрегі зақымданып, көп қан жоғалтып, қайтыс болады. Айсағалиевтің өлгенін білсе де оның қолын байлап, басына пакет кигізеді. Кейін денесін мұздатқышқа салып тастайды.

Айыпталушы үйдегі банк картасы, екі ұялы телефон, ноутбук, платшетті сөмкеге салып, алып кетеді.

Кейін силикон масканы киіп, Абай Айсағалиевтің есепшотынан 900 мың теңге ақшасын алады. Жүк тасымалы қызметін пайдаланып, «ет толы мұздатқышты гаражға жеткізу» қызметіне жүгінеді. Кейін тағы бірнеше рет банкоматтан ақша алады. Жалпы көлемі 5 268 000 теңге ақшаны қалтасына басып, гараждағы мұздатқышты өзге мекенжайға тасымалдау қызметіне жүгінеді. Екі жағдайда да жүк тасымалдаушылар мұздатқыштың ішінде не бар екенін нақты білмеген. Себебі оны жабу үшін айыпталушы скоч пайдаланған.

 

Ақтөбе дәрігер жаза сот түрме

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.