Астана. 24 қазан. BM.KZ – Ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғанда полицейлер республикалық «Құқықтық тәртіп» акциясы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.
— Деректерге сәйкес, ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған азаматқа полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Аталған іс бойынша барлық жағдай тергеу барысында мұқият тексеріледі, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Полиция қызметкерлері заң мен тәртіп әр азаматтың ұстануы тиіс қағидалар екенін, әр азамат жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылатынын ескертеді.
