Астана. 27 қазан. BM.KZ – Байқоңыр ауданында екі қабатты шауашылық корпусында өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ.
Құзырлы орган таратқан ақпаратқа сәйкес, осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпустағы өртті сөндіруде.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өртке қарсы қызметі жоғарғы ранг бойынша жұмыс жасауда.
Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеуде.
Судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді.
