Астана. 27 қазан. BM.KZ – Полицейлер Луврдағы тонау ісі бойынша екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ТАСС.
Le Figaro басылымының хабарлауынша, күдіктілердің бірі Париждің Руасси-Шарль де Голль әуежайында Алжирге ұшпақ болған кезде ұсталған. Екінші күдікті Сен-Сен-Дени департаментінен табылды. Ол Малиге қашуды жоспарлаған.
– Мұражайдан ұрланған 8 асыл зат, сондай-ақ іске қатысы бар тағы екі күдікті әлі табылған жоқ, — деп жазды аталған басылым.
Екі күдіктінің бұған дейін құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Енді оларға «қылмыстық топ құрамында қарақшылық жасады» және «қылмыс жасау мақсатында қылмыстық ұйымға қатысу» баптары бойынша айып тағылып отыр.
Осыған дейін Париждегі Луврге ұры түсіп, онда Наполеонның әшекейлері қолды болғаны туралы жариялағанбыз.
