Астана. 28 қазан. BM.KZ – Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов энергия жүйесін біріктіру және оңтүстік аймақ желісін күшейту жұмыстары еліміздің барлық өңірін энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Республиканың Батыс аймағын Бірыңғай энергетикалық жүйемен біріктіру, сондай-ақ Оңтүстік аймақтың желілерін күшейту қолға алынды. Аталған міндеттерді жүзеге асыру еліміздің барлық өңірін энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір пайыз қосылған қуат көзі экономиканың өсуіне, жаңа инвестициялардың келуіне жол ашады», — деп ата өтті Премьер-министр.
Бұл жоба еліміздің энергетикалық жүйесін ілгерілетуге және оның дербестігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндіктен, KEGOC компаниясына аталған жұмысты жеделдету міндеті жүктелді. Бұл ретте жеделдетуге қарамастан, сапаны қамтамасыз ету керектігі атап өтілді.
