Астана. 28 қазан. BM.KZ – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда террорлық актінің алдын алғанын мәлімдеді.
ҰҚК 2025 жылдың қыркүйегінде Алматыда бес шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алған.
«Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.
Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.
Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер.
