• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Шымкентте «Nazira Gold» ісі бойынша үкім шықты

Шымкентте «Nazira Gold» ісі бойынша үкім шықты

29 октября, 2025 Жаңалықтар
Фото: Halyqstan

Астана. 29 қазан. BM.KZ — Шымкентте сот 4 мыңдай адамды алдап соқты деген «Nazira Gold» на қатысты іс бойынша үкімді оқыды. Іс бойынша басты айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол үкіммен келіспеді, деп хабарлайды Курсив.

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында атышулы «Nazira Gold» ісі бойынша үкім оқылды. Үкімді тыңдауға келгендердің көптігінен ондаған адам залға сыймай, сыртта қалып қойды.

Іс бойынша 9 сотталушы, 148 жәбірленуші бар. Үш сотталушы қамауда, қалғаны үйқамақта болған. Жәбірленушілер бірнеше облыстан келген. Олар қаржы пирамидасынан қомақты пайда табамыз деп 30 млн теңгеге дейін ақша салып, дымсыз қалған. Арасында несиеге батқандар да бар.

Сонымен сот іс бойынша басты сотталушы Назира Нұржанды Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы, «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы және “Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру» бабымен кінәлі деп тапты. Оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Өзіне және туыстарының атына жазылған зәулім үйлер, пәтерлер мен қымбат көліктер және алтын бұйымдардың бәрін тәркілеуге жатқызды.

Ал оған көмектескені үшін «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабымен айыпталған сегіз адамның бірінің бас бостандығы 1 жылға шектелді. Ал қалғаны 5 жылға сотталды.

Бас бостандығынан айырылғандардың барлығы жазасын қылмыстық атқару жүйесіндегі қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде балалары кәмелет жасқа толғаннан кейін өтейтін болды. Судья мұны істің экономикалық екенімен түсіндірді. Сотталушылардың бірі сот үкімен келіспейтінін айтты, қалғаны пікір білдірмеді.

«Тіркемей жұмыс істегенімді мойындаймын. Бірақ пирамида құрған жоқпыз. Оны бостандыққа шыққан соң дәлелдейміз», – деді сотталушы Назира Нұржан.

Фото: Halyqstan

Сот Назира Нұржанды жәбірленушілердің бір бөлігіне келтірген шығынды өтеуге міндеттеді. Сонымен бірге тағы бір бөлігінің шағынын ішінара қанағаттандырды. Үшінші топтың шағынын азаматтық тәртіппен өндіруге жіберді. Соттың бұл үкіміне жәбірленушілердің кейбірі келіспеді. Көбі үкімді толық түсінбей сот залынан дел-сал күйде шықты.

Соның бірі 25 млн теңге залал көрдім деген Қарлығаш Бекболатова да сот үкімімен келіспейді.

«Бұл – әділетсіз. Бұл кісі 2022 жылы бір ұрлық істейді. Мені алдап кетеді. 2023 жылы 11 адамды тағы алдайды. 2024 жылы тағы алдайды. 2025 жылы мынанша халықты алдайды. Енді мұны қалайша мұндай жаза тағайындайды? Бұл әділ емес», – деді ол.

Сотта іске қатысы бар бірнеше адамның әрекетінде қылмыстық құрам бар-жоғын қайта қарап, анықтауға жекеше қаулы шығарылды. Бұдан бөлек сотталушыларға алданған өзге жәбірленушілердің ісі тергеліп жатқаны айтылды. Жалпы «Nazira Gold»-қа құйылған ақша көлемі 16 миллиардқа жететіні, оның бар-жоғы 2 миллиардының ізі бар, қалғаны ізім-ғайып жоғалғаны да сөз болды.

Айта кетейік, сотталушыларды биыл наурыз айында қаржы мониторингі агенттігі ұстаған еді. Тінту кезінде жылжымайтын мүліктерден бөлек бума-бума ақша мен 12 келі алтын тәркіленген. Олар өзін зергерлік бұйым сатумен айналысатын компания ретінде таныстырып, салымшыларға салған ақшаларына 20 пайыздан 40 пайызға дейін үстеме беремін деп алдап соққан. Қаржы пирамидасына 4 мыңдай адам кіріп үлгерген.

Nazira Gold алаяқтық қаржы пирамидасы сот үкім

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.