Астана. 30 қазан. BM.KZ — ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев халықаралық іздеуде болған Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті елге қайтару процесіне қатысты пікір айтты.
— Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды. Экстрадициялық шараларға қатысты қамауға алынды. Осыған қатысты қазір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан түрлі ақпарат шындыққа жанаспайды. Атап айтқанда, экстрадиция процесі жүріп жатыр. Сондықтан ресми ақпарат көздерінде жарияланған деректерге мән беру керек. Оны елге қайтару бойынша Германия жағынан бас тарту мәлімдемесі болмады, — деді Ғ. Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
