Астана. 4 қараша. BM.KZ — Элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.
Ол астық сақтау сыйымдылығы республика бойынша 30,7 млн тоннаны құрайтынын атап өтті, оның ішінде лицензияланған кәсіпорындарда – 13,3 млн тонна, шаруаларда – 17,4 млн тонна орын бар.
Жаңа жиналған егіннен элеваторларға 7,7 млн тонна астық тапсырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
«Сақтауға тапсырылған жұмсақ бидайдың 53%-ы жоғары сапалы түріне жатады, 35%-ы – төртінші сынып, 12%-ы – төменгі сынып және сыныпсыз астық», — деді Айдарбек Сапаров.
