• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қазасы: Қазақстанда жаңа эпизодтар негізінде тергеу басталды

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қазасы: Қазақстанда жаңа эпизодтар негізінде тергеу басталды

5 ноября, 2025 Басты тақырып
Қанат Сайлыбаевтың жеке архивінен

Астана. 5 қараша. BM.KZ — Германияда қайтыс болған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева ісіне қатысты Қазақстанда жаңа қылмыстық істер тіркелді. Бұл туралы адвокат Жанна Оразбақова Instagram парақшасында хабарлады.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың маусым айында Германия аумағында экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылған болатын.

Адвокаттың айтуынша, қайғылы оқиғадан бері бір жарым жыл өтсе де, Германиядағы құқық қорғау органдары тарапынан істі тергеуде айтарлықтай ілгерілеу жоқ.

— Қазақстан аумағында Айгүлге жасалған азаптаулар фактісі бойынша қылмыстық іс тіркей алдық. Оның құрбылары Донцовтың қолынан алған дене жарақаттарының фотосуреттерін ұсынып, куәлік берді, — деді адвокат.

Оның мәлімдеуінше, неміс полициясы әрекетсіз отыр және күдіктілерді іздестіру мен ұстау бойынша шара қолданбаған.

— Ал Донцов Александр болса, бостандықта емін-еркін жүр, тіпті БАҚ-қа сұхбат береді. Қаза тапқан Айгүл – Қазақстан азаматы. Оның қартайған ата-анасы жүкті қызынан айырылды, немересімен байланыс орната алмай отыр, — деп жазды Оразбақова.

Адвокат сот-медициналық сараптама қорытындысын да жариялады. Сарапшылардың мәліметінше, қылмыс кемінде екі түрлі заттың — өткір және доғал құралдың көмегімен жасалған. Бастың артқы тұсына тиген соққы Айгүлдің есінен тануына себеп болуы мүмкін. Бетінде, мойнында және денесінде көптеген жарақаттар, сонымен қатар алақандары мен саусақтарының арасында терең тіліктер анықталған.

Өлімнің себебі — көп мөлшерде қан жоғалту.

— Айгүлдің ата-анасы біздің Сыртқы істер министрлігі неміс әріптестеріне дипломатиялық нота жіберіп, қылмыскерлерді іздеу ісін жандандырады деп үміттенеді. Сондай-ақ Қазақстанда тіркелген «азаптау фактісі» бойынша қылмыстық іс аясында толыққанды және әділ тергеу жүргізіліп, тиісті үкім шығарылады деп сенеді, — деді Оразбақова.

Айта кетсек, Айгүл Сайлыбаева — Астананың Сарыарқа аудандық сотының бұрынғы судьясы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол 2024 жылғы 4 маусымда Германияның Бенсхайм қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен. Сол күні ол қызын балабақшаға апарып, содан кейін байланыс үзілген.

Түстен кейін шамамен 14:30-да баланы әжесі – Наталья Донцова алып кеткен. Кейін 49 жастағы Айгүлдің енесі де жоғалған.

Бірнеше аптадан соң Айгүлдің зорлық белгілері бар денесі қаланың шетінде, пластикалық қаптың ішінен табылған.

адвокат Германия қылмыс Оқиға

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.