• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстандықтар ет сатып алуды азайтты

Қазақстандықтар ет сатып алуды азайтты

7 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: inbusiness.kz

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Ел тұрғындары азық-түліктің қымбаттауына алаңдайды.

2025 жылғы 11–22 қыркүйек аралығында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы ел азаматтары арасында «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін бағалау» тақырыбында сауалнама жүргізді.

DEMOSCOPE зерттеуі қоғамның көңіл-күйі алаң екенін көрсетіп отыр – жалпы азаматтардың 74,7%-ы кейінгі алты айда азық-түліктің бағасы өскеніне алаңдаулы. Оның ішінде 51,1%-ы қатты алаңдайтынын айтса, 23,6%-ы алаңдаймын деп отыр. Респонденттердің 16,5%-ы аса алаңдамайтынын айтса, 6,9%-ы ғана бағаның өсуіне еш алаңдамайтынын білдірген.

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, ел азаматтарының алаңдауы негізсіз емес: бір жыл ішінде азық-түлік өнімдері 11,7%-ға қымбаттаған, ал Қазақстанда үй шаруашылығына жұмсалатын шығынның жартысынан көбі (50,6%) азық-түліктің үлесінде.

Applied Economics Research Centre (AERC) болжамына сүйенсек, 2025 жылы Қазақстандағы инфляция 12,7%-ға жетуі мүмкін. Бағаның қымбаттауына әлемдік нарықта азық-түліктің қымбаттауы, теңгенің әлсіреуі мен ақша массасының артуы, сонымен бірге халықтың инфляцияны есепке алуы ықпал етіп отыр.

Тұтыну тұрғысында қазақстандықтардың үнемдеуге көшуге мәжбүр болуы мейлінше қауіпті көрсеткіштің бірі. Сауалнама қорытындысына сүйенсек, респонденттердің 62%-ы бағаның қымбаттауына орай ет сатып алуды сиреткен. Басқа жағынан да үнемдеу байқалады, мысалы: жеміс-жидек пен көкөніс (24,5%), балық (20,5%), сүт өнімдері (16,9%), нан және ұн өнімдері (12,1%), шұжық (11,2%), тәттілер мен сусындар (10,9%). Дегенмен, респонденттердің 24,1%-ы әлі де тамақтан үнемдеуге көшпеген және азық-түлікті бұрынғыдай алып жүр. (Бұл сұрақта үш жауап нұсқасына дейін таңдауға мүмкіндік берілді).

Әйтсе де, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің (әрі қарай – министрлік) ресми жауабына сүйенсек, сырттан әкелінетін көкөніс күрт артқан. 2025 жылдың жеті айында Қазақстанға 98 млн АҚШ долларының өнімі әкелінген, бұл былтырғы көрсеткіштен 85,6%-ға артық (52,8 млн АҚШ доллары). Министрлік Қазақстанның негізгі қажет тауарлар бойынша импортқа тәуелді екенін айтып отыр. Бұл тізімде сарымсақ, қырыққабат, сәбіз, қара бидай сияқты төтенше жағдай кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті өнімдер бар.

Бұған қоса, отандық ет және ет өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында 2025 жылдың сәуір айынан бастап елге ірі қара мал әкелуге уақытша тыйым қойылған. Тыйым мерзімі биылғы жылдың 10 қазанына дейін созылады. Министрлік ірі қараның етін әкелуге уақытша тыйым салу жөнінде шешім қабылдауға ірі қараны сыртқа әкетудің артуы мен ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сиыр етінің бағасы күрт өсуі себеп болғанын айтып отыр.

Бір қызығы, осыған қарамастан, қазақстандықтар тамақтың сапасы, қолжетімді болуы және бағасы тұрғысынан азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай оң бағалайды. Сауалнама барысында респонденттер азық-түлік қауіпсіздігін 5 балдық шкаламен бағалады, мұндағы 5 – өте жоғары, 1 – өте төмен. Нәтижесінде жалпы азаматтардың 45,1%-ы азық-түлік жүйесінің орнықтылығын жоғары бағалады: 25%-ы өте жоғары десе, 20,1%-ы жоғары деуге болады деп жауап берген. Дегенмен, сауалнамаға жауап бергендердің бестен бірі (20%) азық-түлік қауіпсіздігін өте төмен деп бағаласа, 9%-ы төмен деуге болады деп отыр. Қалған 34%-ы азық-түлік қауіпсіздігі орташа деп санайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін бағалау барысында респонденттерге алдағы бес жылда Қазақстанның ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы да сұрақ қойылды. DEMOSCOPE сауалнамасына сүйенсек, азаматтардың көпшілігі (64,3%) ондай мүмкіндік бар екеніне сенеді: 27,7%-ы Қазақстан ішкі нарықты толықтай өз өнімімен қамтамасыз етуге қауқарлы десе, тағы 36,6%-ы қауқарлы шығар дейді. Әйтсе де, респонденттердің 28,4%-ы күмәнмен қарап отыр: 11,7%-ы олай болуы мүмкін емес десе, 16,7%-ы олай болуы мүмкін екеніне онша сенбейді.

Елдің ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге дайын екенін білдіретін көрсеткіш қазақстандық өндірушілердің баға бәсекесіне төтеп бере алуы екені белгілі. Сауалнама қорытындысына сүйенсек, азаматтардың жартысынан астамы (53,7%) қазір отандық өнім сырттан келетін тауардан қымбат екенін айтады: 38%-ы баға айтарлықтай қымбат десе, 15,7%-ы жай ғана қымбат деп бағалаған. 19,1%-ы отандық және шетелдік азық-түліктің бағасы бірдей десе, 12,9%-ы отандық өнімдер арзан деп есептейді. Қалған 14,3% жауап беруге қиналған.

Респонденттер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет келесі шараларды қолға алуға тиіс деп есептейді:

  • Отандық фермерлер мен өндірушілерді қолдау (51,9%);
  • Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда ашықтықты арттыру және жемқорлықпен күрес (47%);
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу (27,3%);
  • Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету (22,7%);
  • Импорт алмасу бағдарламасын дамыту (7,1%).
баға ет ет бағасы

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.