Астана. 8 қараша. BM.KZ – Бүгін WTA турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің теннисшіcі Арина Соболенко мен әлемнің алтыншы ракеткасы, Қазақстан атынан өнер көрсететін Елена Рыбакина кездеседі.
Финал матчы 8 қараша күні, сағат 21:00-де (Астана уақытымен) басталады. Ойын Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы корттарда өтеді.
Маусымның қорытынды турнирінің жеңімпазы трофеймен бірге 5,235 млн доллар көлеміндегі жүлде қорымен марапатталады.
Рейтинг тұрғысынан алғанда, турнирдің нәтижесіне қарамастан Арина Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалады. Ал егер Елена Рыбакина финалда жеңіске жетсе, ол WTA рейтингінде бесінші орынға көтеріледі.
