Астана. 15 қараша. BM.KZ – Биылғы наурызда полиция қызметкерлері оқиға орнында дәлелзат «жоғалтып алған».
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтар Б., Б. және К. еңбек тәртібін бұзбағандарын айтып, қолданылған тәртіптік жаза шамадан тыс деп есептеп, өздерін жұмыстан шығару туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану, қызметке қайта орналастыру және мәжбүрлі жұмыстан шеттетілу уақытына еңбекақы өндіру туралы талап арызбен жүгінген.
«Белгілі болғандай, 2025 жылдың наурызында талапарыз берушілер тергеу-жедел тобының құрамында тергеу әрекеттерін жүргізген. Сол кезде оқиға орнынан тапанша алынған. Алайда алғашқы қараудан біраз уақыт өткен соң қару оқиға орнынан жоғалып кеткен. Бұл факті қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін арыз берушілерді жұмыстан босатуға негіз болған», – деп хабарлады сот қызметкерлері.
Бірінші инстанция соты талапарыз берішулердің әрекетіндегі өрескел заңбұзушылықтарды анықтап, олардың қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағанын көрсетті.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 19-бабы 1-тармағына сәйкес, қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау үшін қызметкерлер қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Аталған Заңның 80-бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, қызметкерлер қызметтік тәртіпті өрескел бұзған жағдайда жұмыстан шығарылуға жатады», – деген қорытындыға келген Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты талап арызды толықтай қанағаттандырудан бас тартты.
Апелляциялық сот алқасы бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.
