Астана. 14 қараша. BM.KZ – Белгілі ақын, журналист, аудармашы, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Күләш Ахметова 80 жасқа қараған шағында дүние салды.
Күләш Ділдәқызы 1946 жылдың 25 сәуірінде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУді тамамдаған.
«Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы. Оның «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» сияқты жыр жинақтары қазақ әдебиетінде үлкен із қалдырған.
