Астана. 15 қараша. BM.KZ – Шымкентте сот отырысы кезінде журналиске тіл көрсеткен судья ақыры жазаланды, деп хабарлайды ZTB.
Оқиға сол кезде қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша өткен процесс барысында болған. Судья Әбинұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға бұрылып, оған тілін шығарған.
Қоғамдық резонанстан кейін мамандандырылған қылмыстық сотта тексеріс жүргізіліп, материалдар алдымен судьялық әдеп комиссиясына, кейін Судьялық алқаға жіберілген. Нәтижесінде Судьялық алқа Қарабаевты тәртіптік жауапкершілікке тартып, ескерту түріндегі жаза қолданған.
Жоғары сот кеңесі жюри – «жазалаушы» емес, тәуелсіз тәртіптік орган екенін атап өтті.
