Астана. 15 қараша. BM.KZ – Жасөспірім қыз пышақ жарақатынан қайтыс болған. Оқиға Астанаға жақын орналасқан Целиноград ауданының Ынтымақ ауылында жасалған. Halyqstan telegram- арнасының хабарлауынша, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Күдіктінің жеке басы анықталған, қазір оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысы полиция департаменті бұл қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында барлық мән-жай анықталып жатқанын мәлімдеді.
Істің тергелу барысы өңірлік полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.
