• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанда жұмыс берушілерге қызметкерлерді келісімшартпен алуға тыйым салынбақ

Қазақстанда жұмыс берушілерге қызметкерлерді келісімшартпен алуға тыйым салынбақ

20 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: pexels

Астана. 20 қараша. BM.KZ — Бұдан былай Қазақстанда жұмыс берушілерге қызметкерлерді келісімшартпен алуға тыйым салынады. Яғни зейнетақы жарнасы, медициналық сақтандыру және өзге де төлемдерді өтемейтін жұмыс берушілермен күрес күшейеді, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

Сондай-ақ бірдей лауазымдағы мамандарға әр түрлі жалақы төлеушілер жазаланады. Еңбек қатынасындағы өзге де мәселелер мәжілісте талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған заң жобасын талқылауға депутаттар бастамашы болған.

Мәжілісте құжаттың негізгі бағыттарын әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов танысты. Ол азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істеу басты мәселенің бірі ретінде атады. Себебі бұл қаржысын үнемдеу мен әлеуметтік кепілдіктен жалтаратын жұмыс берушіге ғана тиімді дейді.

«Бұл неге қауіпті? Өйткені бұл ГПХ-да отырған жұмыскер әлеуметтік кепілдіктерден айырылады. Ол еңбек демалысына шыға алмайды. Әйелдер де жүктілікке байланысты демалысқа шыға алмайды. Зейнетақы жарнасы аударылмайды, медициналық сақтандыруы болмайды. Енді біз бұған нақты тосқауыл қоямыз. Егер қарым-қатынаста еңбек шартының кем дегенде бір белгісі болса, онда азаматтық-құқықтық шарт жасасуға тыйым салынады», — парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Құжаттың тағы бір бағыты жазатайым оқиға кезінде қарапайым жұмысшының мүддесін қорғауға арналған. Ал адамның өндірісте алған жарақатының ауыр не жеңілдігін анықтауда қолданылатын ескі әдістеме де өзгеруі мүмкін. Бұдан бөлек енді жұмыс беруші мен жұмысшы арасында туындаған дауды шешу үшін делдал тартылмақ.

«Делдал бола алатындар кім және оларға қандай талаптар қойылады? Екінші, делдалдың өкілеттігін атап өтсеңіз? Үшінші сұрақ егер де дау жұмыс беруші мен ұжымның ортасында болатын болса, делдалдарды тартуға бола ма?», — деп сұрады парламент мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев.

«Делдалдарға қойылатын талаптар қандай? Біріншіден, ол қызметкер мен жұмыс берушінің арасында тәуелсіз кез келген тұлға болады. Ол жеке немесе заңды тұлға. Жеке тұлға – заңгер, медиатор. Заңды тұлғалар – медиация орталықтары. Екіншіден жұмыс беруші мен қызметкердің арасында делдалды тарту үшін жазбаша түрде келісім болуы керек», — дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев.

Заң жобасында жұмысшыларға жалақы тағайындауда алшақтықты жоюға бағытталған норма да қарастырылған. Бұл – негізінен шетелдік және отандық мамандар еңбек ететін компанияларда кездесетін мәселе.

«Мәселен, мұнай өнеркәсібінде бұрғылаушы екеуінің арасында жалақыда үлкен айырмашылық бар. Осы жағдайды, әділетсіздік дейміз бе, алалау дейміз бе, жағдайды реттеу жөнінде осы заң жобасында қандай бап бар?», — деп сұрады депутат Ермұрат Бапи.

«Мұндағы нақты норма бір қызметкер егер ол слесарь болса, егер талаптары бір болса, істеп жүрген жұмыстары бір болса, оның арасында қазіргіден үлкен алшақтық болмау керек деп осы айырмашылық бойынша нақты бір меже тиісті келісімшартта қарастырылатын болады деп біз осындай ұсынысты енгіздік. Ол қолдау тапты», — деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ мәжіліс бірқатар заң жобасын қарады. Оның ішінде жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау мен президент тапсырмаларын іске асыру аясында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс те бар.

Асхат Аймағамбетов Ермурат Бапи жұмыс келісім шарт Серік Ерубаев

Оқылып жатыр

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Алдағы күндері күн күрт суытады

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Оларды неміс нумизматикалық компаниясымен серіктестікте дайындаған. Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт»…

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.