Астана. 20 қараша. BM.KZ — Астанада 16 азаматты алдаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.
Алаяқ өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.
— Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.Үкім заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.
