Астана. 21 қараша. BM.KZ — Оқиға Бейнеу ауданында болған. Ер адам Бейнеу аулындағы полиция бөлімінің бақылау — өткізу пунктінде өз-өзін өртеуге әрекет жасаған.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары патрульдік бақылау кезінде жол ережесін бұзған көлікті тоқтатып, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда кейін көлік жүргізуші полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне өзі келіп, қызметкерлердің заңды әрекетіне наразылық білдірген.
— Бақылау пунктінде ол өзіне сұйықтық құйып, өзін-өзі өртеуге тырысты. Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл әрекетін уақытылы тоқтатты. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән — жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
