Астана. 21 қараша. BM.KZ — Алматы әуежайында тексеріс кезінде 22 жастағы жолаушыдан оқ-дәрі табылған.
Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Мәлік Қайбардың айтуынша, әуе кемелерінде және пойыздарда кастет, пышақ, электршокер, оқ-дәрі, қару-жарақ, пиротехникалық бұйымдар және өзге де қауіпті заттарды тасымалдауға қатаң тыйым салынған. Алайда жолаушылар тыйым салынған заттарды тасымалдауға тырысатынын жағдайлар кездеседі.
— Алматы әуежайында 22 жастағы студенттен ұшу алдындағы тексеру кезінде 9×18 мм калибрлі патрон табылып, тәркіленді. Сот шешімімен оған 200 АЕК (786 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, — деді ол.
Жалпы 2025 жылдың басынан бері департамент суық қаруды заңсыз алып жүру, сақтау және тасымалдау фактілері бойынша 496 қылмыстық іс тіркеліп, 133 әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған.
